Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Дастан Сәтбаев 2008 жылы туған үздік бес футболшының қатарына енді

Дастан Сәтбаев, футболшы. Фото: Azattyq
Score90 порталы Дастан Сәтбаевты 2008 жылы туған үздік ойыншылардың қатарына қосты.

«Қайрат» командасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаев Score90 порталының нұсқасы бойынша 2008 жылы туған әлемнің ең үздік бес футболшысының қатарына кірді.

Ол бұл тізімде «Бавария», «ПСЖ» және «Ливерпуль» ойыншыларымен қатар тұр:

  • Леннарт Карл («Бавария»);
  • Ибраим Мбайе («ПСЖ»);
  • Рио Нгумоа («Ливерпуль»);
  • Онест Аанор («Аталанта»);
  • Дастан Сәтбаев («Қайрат»).

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дастан Сәтбаевқа «Дарын» сыйлығы берілген.

Exit mobile version