Космұз
«Космұз» — қаладағы жаңадан ашылған жақсы мекемелердің бірі. Мұндағы балмұздақтар арнайы ыдысқа сұйық күйінде құйылып, қайта қатырылады. Балмұздақтың құрамына жеміс-жидектер, «Орео» печеньесі, рулетке оралған әр түрлі тәттілер қосылады. Қарапайым сүттен емес, шұбаттан дайындалған балмұздақтарды да осы орталықтан таба аласыз. Ерекше балмұздақтың дәмін татып көремін десеңіз, Dostyk Plaza ойын-сауық орталығының 3-қабатына барыңыз.
Creamary
Creamary балмұздақ дүңгіршегін әрбір алматылық біледі. Жаз уақытында тынбай жұмыс істейтін орталықтан қалаған дәмдегі балмұздақты таба аласыз. Балалық шақтың бал дәмін татқыңыз келсе, Creamary-ге келіңіз. Мекен-жайы: Мега ойын-сауық орталығы және қаланың басқа аудандары.
McDonalds
McDonalds тек қана фаст-фуд өнімдерін сатпайды. Жаз мезгілінде танымал МакФлури балмұздағын McDonalds-тың барлық мейрамханаларынан таба аласыз. Бұл балмұздақтың ерекшелігі — табиғи сүттен жасалуында. Түрлі дәмдеуіштердің арқасында өз талғамыңыздағы балмұздақты таңдап алуға мүмкіндік бар.
Baskin Robbins
Baskin Robbins — бүкіл әлемге танымал әрі сүйікті балмұздақ. Осылай аталатын компания Қазақстан нарығына ертеде кірген. Алайда, осы күнге дейін оның өнімдеріне деген сұраныс азайған емес. Baskin Robbins тек қана балмұздақ емес, коктейлдер мен десерттің де түр-түрін ұсынады.
Балмұздақ — тек балалардың тағамы емес, балалық шақты еске алатын тәтті естеліктерге толы. Сондықтан, жаздың ыстық күнінде балмұздақтан бас тартпаңыз.