LTE-Advanced басты ерекшелігі — 1800 МГц және 800 МГц жиілік диапазондарының агрегациясы, бұл агрегацияланған жиіліктердің саны мен еніне байланысты 4G желілеріне қарағанда, 2 есеге дейін жоғары деректерді беру жылдамдығына жетуге мүмкіндік береді. 4G+ қызметіне қолжеткізудің басты шарты — абонентте LTE Advanced технологиясын қолдайтын құрылғының болуы, ол әртүрлі жиілікті диапазондарда деректерді беру арналарын жинақтайды, желінің қысқа уақытта жауап беру уақытын қамтамасыз етеді (көп пайдаланушы қатысатын онлайн ойындарды ұнататындар үшін тамаша жаңалық) және батареясы аз қуат пайдаланады.
Енді 4G+пен «ауыр» контент секундтар ішінде жүктеледі, ал интернетке кірудің рекордтық жылдамдығы онлайн режимде ең жоғары сапалы фильмдерді көруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні Kcell Store дүкендерінде осы технологияны қолдайтын танымал өндірушілердің барлық жаңа өнімдерін сатып алуға болады.
Kcell және activ абоненттері үшін 4G+ (LTE Advanced) желісінде мобильді интернет құны қолданыстағы 3G және 4G желілеріндегідей болып қалады.
«Кселл» желісі әлемдегі LTE-технологиялар мен қызметтердің жетекші жеткізушісі — Ericsson компаниясының жабдығында таратылады. 2017 жылы 4G+ (LTE Advanced) желісі Kcell және activ абоненттері үшін Қазақстанның тағы 9 қаласында пайда болады.