Шындық АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің грантын ұтып алған AlmatyUrbanAir жобасының мүшелері PM10 атты ауадағы шаң-тозаң бөліктерін есепке алатын құрал-жабдық сатып алып орнатқанда ашылды. Олардың қала орталығына қойған тәжірибелік қондырғысы қала ортасындағы ауадағы бөлшектер қалыпты мөлшерден 8 есеге асып кеткенін көрсетті.
Бұл мәліметтер қала тұрғындарының үрейін ұшырды. Өйткені ресми Гидрометтің мегаполистегі ауаға байланысты деректері тым мардымсыз.
UrbanAir қосымшасы IOS жүйесіндегі құрылғыларда небәрі бір апта, ал Андроидпен істейтін құрылғыларда үш апта ғана жұмыс істеді. Одан соң жоба иелері оны тоқтатуға мәжбүр болды. Дегенмен олар қол қусырып отырудан аулақ. Оның үстіне Алматыдағы ауаның ластығы төңірегінде туған шудан кейін, бұл жайлы жергілікті билік те айтуға мәжбүр болды.