«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «ҚҰБ «Online» мобильдік қосымшасында 2017 жылғы 16 мамырдан бастап «Жұмысқа орналасу» деген жаңа бөлім іске қосылды», деп жазылған банк хабарламасында.
Бұл бөлімде мобильдік қосымшаны пайдаланушы банктің кадр қызметі қызметкерлерімен хабарласып, іріктеу кезеңінде қойылатын сауалдарға шұғыл түрде жауап алады. Сонымен бірге, жоғары оқу орнының студенті немесе магистранты Ұлттық Банкте практикадан өту мәселесі бойынша нұсқаулар ала алады.
Еске сала кетейік, Ұлттық Банк халықпен етене байланыс жасау үшін «ҚҰБ «Online» сервисін 2016 жылғы қарашада іске қосқан болатын. «ҚҰБ «Online» мобильдік қосымшасын App Store және Play Market дүкендерінен мемлекеттік және орыс тілдерінде жүктеп алуға болады.