Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ақтауда жаңа теңіз порты салынады

Фото: KP.KZ
Ақтауда қуаты жоғары жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтты.

Әкімнің айтуынша, жобаның жалпы құны 300 миллион доллар. Портты Қытайдың «Чжонъюн Интернешнл» компаниялар тобымен бірлесіп салу көзделген. Инвестор өңірде компанияны тіркеуді аяқтаған, қазір инвестициялық келісімге қол қою үшін құжаттар дайындалып жатыр.

Жоба Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа бағытындағы жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға айтарлықтай серпін береді, — деді Нұрдәулет Қилыбай.

Әкімнің сөзіне қарағанда, жоба іске асқанда:

  • жүк жеткізу мерзімі 7–15 күнге қысқарады;

  • көлік шығындары 18–25% төмендейді;

  • өңірде жаңа жұмыс орындары ашылады.

Жаңа порт Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, Каспий маңындағы транзиттік мүмкіндіктерін күшейтеді.

Exit mobile version