Не болды?
Геннадий Головкин World Boxing президенті болды. Ол — тарихта халықаралық спорт ұйымын басқаруға тағайындалған алғашқы Қазақстан азаматы.
Мәлімет
Бұл атақты алу — мен үшін үлкен жауапкершілік. Алайда бұл — басы ғана. Мен әрбір боксшының спортта өсіп, дамығанын қалаймын. Сондықтан бүгіннен бастап ұйым шешім қабылдарда олармен ақылдасады. World Boxing бір отбасы ретінде алға жылжиды. Біз сөзбен емес, іспен дәлелдеп, сенімге лайық ұйым боламыз, — деді боксшы.
Геннадий Головкинді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, бұл шешім спортшының халықаралық беделі мен бокстағы жетістіктерін көрсететінін айтп өтті.
Анықтама
World Boxing — 2023 жылы құрылған халықаралық спорт ұйымы. Бұл ұйым әуесқой бокс пен олимпиадалық боксқа жетекшілік етеді.

