16 мамыр: Бүгін қандай күн?

Биографтар күні

Биография сөзінің өзі екі ежелгі грек сөздерінен шыққан, ол «өмір» және «жазамын» деген мағынаны білдіреді. Басқаша айтқанда, биография деп басқа адамның немесе бірнеше адамдардың жасаған белгілі бір адамның ғұмырнамасын айтады. Биографтардың талмай жасаған еңбектерінің арқасында қазіргі таңда ұлы адамдардың өткен өмірі туралы, олардың сол дәуірдегі дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы мағлұмат алудамыз.

Арменияның Әуе қорғанысы күні

1992 жылғы мамырда Армения Республикасының Қарулы Күштерiнiң әуе қорғаныс бөлiмшелерiнiң құрылуы аяқталды. Осы уақыттан бастап мамырдың үшінші жексенбісі Арменияның қарулы күштерінде Әуе қорғанысы күні болып аталып өтеді.

Исра және Миғраж түні

Ережеп айының 27-не қараған түні мұсылман әлемі Исра және Миғраж түнін атап өтеді. Исра және Миғраж түні — Алла Тағаланың құдіретін дәлелдей түсетін белгілерінің бірі, әрі оның елшісін (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өзге жаратылыстардан ерекшелеген үлкен мұғжиза. Пайғамбарымыздан (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) басқа ешбір адамзат баласы мұндай зор қашықтықты бір сәтте-ақ бағындырып, жеті қат көкке көтерілу ғажабына лайықты болған емес. Бұл таңғажайып сапар екі сағаттық уақыттан тұрды. Исра, яғни, түнгі сапар, Меккедегі әл-Харам мешітінен басталды. Бұл сапарда Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Жәбірейіл періште Жәннаттан алып келген әл-Бурақ (пырақ) атты ақ жануарға мініп, Жәбірейіл періштемен бірге Мәдина қаласы және Синай тауы арқылы бір мезетте-ақ әл-Ақса мешітіне келіп жетеді. Ал, екінші сапар әл-Миғраж деген атпен белгілі, онда Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) әл-Ақса мешітінен көкке көтеріліп, Алла Тағаламен сөйлесу шарапатына ие болды.