Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ташкент Шымкентте жеке сауда үйін ашпақ

Құжат Өзбекстан делегациясының Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары аясында рәсімделді.

Құжатта Ташкент қаласының Шымкентте сауда үйін ашуы, сондай-ақ Ташкент пен Шымкент қалалары арасындағы сауда-экономикалық және мәдени қарым-қатынасты дамытуы қарастырылған. Сапардың мәдени бағдарламасы аясында ташкенттік әртістердің концерттері болып өтті.

Сондай-ақ, Ташкенттің үздік аспаздары Шымкент пен Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарының тұрғындарына өзбек асханасының ұлттық тағамдарын ұсынған өзбек асханасының фестивалі өткізілді. Ташкент хокимияты алдағы уақытта осындай іс-шараларды Алматы (Қазақстан), Ош (Қырғызстан)  және Ашғабад (Түрікменстан) қалаларында өткізуді жоспарлап отыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version