«Өткен бейсенбіден бастап Астанада полицейлермен бірге жолдарда Е-айыппұл жүйесін тестілеуден өткізіп жатырмыз. Комитет тарапынан дайындалған жүйе полиция қызметкерлерін қағазбастылықтан босатуға негізделген. Комитет прокурорлары полицейлермен бірге қаланы аралап планшеттердің жұмысын бақылап жүр. Осы орайда жүйенің жұмысы егжей-тегжейлі тексеріліп жатыр», — деп жазды Б. Мусин өзінің фейсбук парақшасында.
Сонымен қатар, планшеттің көмегімен ЖСН арқылы жүргізуші туралы барлық қажетті мәліметтерді жылдам анықтай алады. Полиция қызметкерлері жаңа жүйені тестілеу барысында кейбір түзетулерді енгізу жайында өтінім білдірді. Мысалы, жол ережесін бұзушы электронды хаттамаға қол қоюдан бас тартса, онда фактіні нақтылау үшін куәгерлерге арналған жолақты енгізу қажет.
«Жалпы, жүйе жақсы жұмыс істеп тұр. Болашақта планшетті пайдалана отырып, техникалық байқаудың және сақтандыру полюсінің бар-жоғы тексеріледі. Осы арқылы, жүргізуші тексеруге тек жүргізуші куәлігін және жеке куәлікті ғана ұсынады. Ал қалған мәліметі полицейлер планшеттен көре алады», — деді ол.