2017 жылдың қаңтар-сәуір айында ресми делдалдар 11 018 автомобиль сатқан. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 23% төмен.
Есептік кезең ішінде қазақстандықтар $272,8 млн қаржыға жаңа жеңіл көлік сатып алған. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 18,9% артық. 4 айдың қорытындысы бойынша алғанда сатылған көліктердің ішінде импорттың үлесі 7 771 автомобиль (70,5%), 3 247 сатып алушы (29,5%) отандық автокөліктерді таңдапты.
Бренд бойынша алғанда сатылған көліктердің көшбасында Toyota тұр. Төрт айда 2 290 адам осы марканы таңдаған. 1 912 дана Lada және 856 Renault алғашқы үштікті қорытындылайды.
Жеңіл көліктер моделі рейтингінде 885 көлік сатылған седан Toyota Camry, жол талғамайтын Lada 4×4 (605 бірлік) және Ravon Nexia (576 бірлік). Үздік бестікті Toyota Rav4 (526) және Lada Granta (489) тұйықтайды.
БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО холдингі Қазақстан нарығындағы ірі делдалдық топ болып табылады. Жаңа көлік сатып алушылардың 30%-ы олардың өнімдерін таңдаған, 16,2% Astana Motors үлесінде.
Есептік кезеңде Алматыда 2 770, Астанада 2 149, Атырауда 788, Шымкентте 682, Қарағандыда 663, Қостанайда 641, Оралда 479 , Өскеменде 470 ед, Ақтауда 467, Ақтөбеде 406 бірлік көлік сатылған.