Басты бетЭкономикаҚостанайда электромобиль...

Қостанайда электромобиль өндірісі дамытылады

Премьер-Министр «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС жұмысымен танысты.

Зауыт қызметкерлері Бақытжан Сағынтаевқа ЭКСПО-2017-ге жіберілген IVECO Crossway автобустарын, сонымен қатар осында шығарылатын жеңіл автокөліктер мен коммерциялық техника желісін көрсетті.

Зауытта 7 бренд: Peugeot, SsangYong, Iveco, Hyundai, JAC, JAC Commercial, Ravon және Chevrolet бар. Бұдан өзге, электромобильдер өндірісі ретке келтірілген.

Айта кеткен жөн, Мемлекет басшысы Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында қажетті инфрақұрылымды құруды қарастыра отырып, экспортқа бағдарланған электромобильдер өндірісін одан әрі дамыту міндетін қойды.

Бүгінде автокөліктер еліміздің ішкі нарығы мен көрші Ресей мемлекетінде сатылуда.

«Холдинг Азия Групп Тәжікстан» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылатын болады, оның аясында Тәжікстанға 2 мың JAC және Peugeot автокөліктері жеткізілетін болады.

«СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС 2010 жылы құрылған. Кәсіпорында 2010 жылдан 2017 жылғы сәуір айына дейін 26 345 автокөлік шығарылған. 2017 жылдың І тоқсанында 971 көлік құрастырылған. Зауытта шамамен 600 жұмыс орны бар.

ДереккөзEgemen.kz