Не болды?
Түркияның денсаулық сақтау министрі Кемал Мемишоғлу барлық ағзасын донор қылып тіркеген. Бұл туралы Haberler.com хабарлап отыр.
Мәлімет
Мемишоғлу ағза донорлығы тек ізгі іс емес, басқа адамның өмірін құтқаратын мүмкіндік екенін айтқан. Содан кейін Е-Nabız жүйесі арқылы барлық ағзасрын ресми түрде донор деп тіркеген.
Мәлімдеме Анкарада, Билкент қалалық ауруханасында өткен Таяу Шығыс Орган трансплантациясы қауымдастығының 19-халықаралық конгресінде жасалды.
Өлімнен кейін бір адамның өмірін құтқара алатыныңызды ұмытпаңыз, сонда сіздің бір бөлігіңіз бұл дүниеде өмір сүре береді. 1997 жылы алған донор картам – мен үшін аманат. Енді мен бұл аманатты Е-Devlet және Е-Nabız арқылы цифрлық форматта да растадым, – деді Кемал Мемишоғлу.
Контекст
Алматыда инсульттан қайтыс болған адам донор болуға келісіп, 5 адамның денсаулығын жақсартты.
Қан доноры болғысы келетін адам нені білуі керек?

