мұнай
Көрнекі сурет

Jp Morgan инвестициялық банкі сарапшыларының есебі бойынша, әлемдік экономиканың ахуалы жалпы алғанда қалыпты және мұнайға деген сұраныс азаймаған. Бағаның арзандауына нарықта ұсыныстың көптігі себеп болып отыр. Себебі мұнай өндіру көлемі баға арзандай бастаған 2014 жылдың соңынан бері аса төмендемеген.

Мұнай бағасымен бірге қор биржаларындағы акциялар котировкасы да төмендеп жатыр. Нью-Йорк қор биржасында Standard & Poor’s индексі екі жыл бұрынғы құнына төмендеді. Энергетикалық сектордағы бизнеске қомақты несие беретін энергетикалық компаниялар мен банктердің акциялары да әжептәуір арзандады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!