Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қырғызстанда қырғыз тілінде жазылмаған маңдайшалар алынып жатыр

Фото: Ош қаласы әкімдігінің баспасөзі

Не болды?

Ош қаласында халыққа қызмет көрсететін орындардың атауын тексеру бойынша рейд басталды. Өзге тілдегі маңдайшалар алынады. Бұл туралы 24kg хабарлап отыр.

Мәлімет

Ош қаласының мэрі Женишбек Токторалиев 10 қарашаға дейін шет тілдерінде жазылған барлық дәмхана, мейрамхана және кәсіпорын маңдайшаларын қырғыз тіліне ауыстыруды тапсырды.

Соған орай 29 қазан күні Ош мэриясы жанындағы мемлекеттік тіл жөніндегі комиссия мүшелері дәмхана, мейрамхана, сұлулық салоны, дүкен және басқа да коммерциялық нысандарды аралаған.

Рейд кезінде кәсіпкерлерге нысан атауында мемлекеттік тілді қолдану қажет екені ескертіліп, түсіндірілген.

Exit mobile version