Басты бет15 мамырдағы...

15 мамырдағы ауа райына болжам

«Казгидрометтің» хабарлауынша, бүгін Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай, жел күшейіп, түнде солтүстік аймақтарда үсік күтіледі. Республиканың  тек оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауын-шашынсыз ауа-рай болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан  облыстарының бірқатар аймақтарында түнде 2-3 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз найзағай мен жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күші 15-23 м/с болады.

Қарағанды облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысында найзағай болады.

Астана қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +6+8°С, күндіз +16+18°С болады.

Алматы қаласында да көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің күші 0-5м/с болады. Ауаның температурасы түнде +17+19°С, күндіз +32+34°С болады.