Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында ЭКСПО қатысушылары мен қонақтары үшін 7 турпакет əзірленген

Ақмола облысында ЭКСПО қатысушылары мен қонақтары үшін 7 турпакет əзірленген

Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин Бурабай ауданында болып, Щучинск-Бурабай курортты аймағының халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесіне келетін қатысушылар мен қонақтарды қабылдауға дайындық жұмыстарын пысықтады.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мəліметі бойынша аймақ басшысы Бурабайдағы Абылай хан алаңы, жағажай аумағы, орталық базар тəрізді халықтың көп жиналатын қоғамдық орындарды бақылап көрді.

Сапар қорытындысы бойынша Мəлік Мырзалин абаттандыру жəне санитарлық тазалық бойынша сын ескертулер айтып, аталмыш мәселелерді қысқа мерзім ішінде шешу туралы жергілікті билікке, жауапты органдар мен қызметтерге тапсырма берді.

«Астаналық облыс ретінде ақмолалықтар «ЭКСПО-2017″-ні ұйымдастыру, өткізу жəне қатысуда белсенділік танытуы керек.  Біз шетелдік қонақтарды жоғары деңгейде қарсы алып, сапалы қызмет көрсетуіміз қажет», деп атап өтті аймақ басшысы.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында туристерді қабылдау үшін Шучинск-Бурабай курортты аймағы жəне Қорғалжын қорығын арқылы 30-дан астам бағытты қамтитын 7 турпакет əзірленген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version