Басты бетЖаңалықтарЕлімізде өнеркәсіп...

Елімізде өнеркәсіп өндірісі артты

2017 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 7135,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 7,1% өсті деген сөз.

Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 7,8%, өңдеу өнеркәсібінде 6,8%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 4,8% артты. Алайда, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 0,7% төмендеді.

ДереккөзInform.kz