Басты бет Жаңалықтар Күлімсіреу адамды кәрі етіп көрсетеді

Күлімсіреу адамды кәрі етіп көрсетеді

Адам күлімсірегенде жасырақ көрінеді дейміз. Бірақ бұл ой шындыққа қаншалықты жанасады? Осы жайтты Бен-Гурион (Ben-Gurion University) университетінің мамандары зерттеп көрген.

Зерттеушілердің айтуынша, күлімсіреген адам өзін-өзі бір қалыпты ұстайтын адамға қарағанда ересектеу көрінеді. Ғалым  Цви Ганелдің ойынша, адамдар жарнамалардың суретіне күлімсіреп түскенімен, жасырақ көрінбейді.

Ғалымдар әр түрлі жастағы адамдардың суреттерін тізіп, оларды 40 студентке бағалауды ұсынған. Студенттердің басым бөлігі күлімсірегендерді ең ересек деп бағалап, ең жас адамдар деп салмақты тұрғандарын көрсеткен.

Зерттеушілердің болжауынша күлкінің адамды ересектеу көрсетуінің себебі – күлген кезде пайда болатын әжім.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version