Зерттеушілердің айтуынша, күлімсіреген адам өзін-өзі бір қалыпты ұстайтын адамға қарағанда ересектеу көрінеді. Ғалым Цви Ганелдің ойынша, адамдар жарнамалардың суретіне күлімсіреп түскенімен, жасырақ көрінбейді.
Ғалымдар әр түрлі жастағы адамдардың суреттерін тізіп, оларды 40 студентке бағалауды ұсынған. Студенттердің басым бөлігі күлімсірегендерді ең ересек деп бағалап, ең жас адамдар деп салмақты тұрғандарын көрсеткен.
Зерттеушілердің болжауынша күлкінің адамды ересектеу көрсетуінің себебі – күлген кезде пайда болатын әжім.