Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Блогер Ерболат Жанәбілов пен оның әйеліне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Видео скрині
Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) танымал блогер Ерболат Жанәбілов пен әйелі Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Тергеу басталды. ҚР қылмыстық кодексінің 214-бабы 1-бөлігі – заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз, – деді агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов сенат отырысының кулуарында.

Оның айтуынша, бұл іс соттың шешімінен кейін қаржы мониторингі агенттігіне берілген.

Сот үкім шығарып, материалдар әкімшілік іс жүргізуден кейін бізге жолданды. Сот қылмыстық құрам белгілерін анықтаған. Тергеу мерзімін нақты айту қиын, бірақ шамамен екі айда аяқталады деп ойлаймыз, – деді ол.

Exit mobile version