2018 жылы негізгі зейнетақы көлемі 1,8 есеге өседі

Мемлекеттік хатшы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап Президенттің тапсырмасы бойынша зейнетақы 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға өсетінін айтты.

Бұдан бөлек, негізгі зейнетақыны тағайындау жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылып, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болмақ. Бұл шаралар 2018 жылы негізгі зейнетақы көлемін 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.

ДереккөзAkorda.kz