Басты бет Жаңалықтар 3D фильмдердің адам денсаулығына пайдасы анықталды

3D фильмдердің адам денсаулығына пайдасы анықталды

Киноға баруды сүйетіндер 3D сеанстарында бастарының ауыратынына шағымданса да, британдық ғалымдардың зерттеулері мұндай форматтағы фильмдерді көрудің адамға ләззат сыйлап қана қоймай, пайдалы екендігін көрсетті.

Нейробиологтар Патрик Фэган мен Брэндан Уокер 3D сеанстарға бару адам миының белсенділігін арттырады деген сенімде. Олардың зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, 3D фильмдерді тамашалағаннан кейін адамдардың реакциялары 11%-ға, ал ақпаратты қорытуы қабілеті 23%-ға артқанын көрсетті. 2D фильмді тамашалағандармен салыстырғанда 3D көрермендерінің реакция нәтижелері бұдан бес есеге төмен болды.

Патрик Фэганның айтуынша, бұл зерттеулер қорытындылары 3D фильмдердің мидың қартаюын баяулататынын білдіреді.

Алайда әзірге 3D фильмдердің пайдалылығы туралы түбегейлі тұжырым жасалмағанын айта кетейік. Калифорниялық ғалымдар мұндай киноларға бару адамның  көру қабілетін нашарлатып, басының ауруына әкелетінін айтқан еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version