Басты бетЕң алғашқы...

Ең алғашқы айыппұл көлікті 13км/сағат жылдамдықпен жүргізгені үшін салынған

Бұл оқиға 1896 жылы Ұлыбританиядағы Кент қаласында болған. Arnold Benz көлігін мінген Уолтер Арнольд көлігінің жылдамдығын 13 км/сағатқа жеткізіп, заң бойынша рұқсат берілген 10 км/сағаттан асырып жіберген. Бір қызығы оны полицейский велосипедпен қуып жеткен. Салынған айыппұл мөлшері — 12 пенс болды.

Ол кезде Ұлыбританияда көліктің алдында қызыл туы бар сигналшы жүріп отыратын. Радар болмаса да, жылдамдықты көбейткені көрер көзге де белгілі болатын.

ДереккөзKoleso.kz