«Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаның бала күнгі суреттері мен видеоларын ұсынамыз.
Бала кезінен баулыған
Бір суретте Шерхан анасымен бірге Астана-Вила Реал матчын тамашалап отыр. Анасы Сәуле Рабаева Шерханды бала күнінен футболды жақсы көруге баулығаны осы суреттен көрінеді.
Халық жас қақпашыны осындай жетістікке жеткізген анасы екенін айтып, алғыс айтып жатыр.
О бастан арман-мақсаты биік
Ал келесі бір суретті Таласов ауылдық округінің аудандық әкімдігі өз Instagram парақшасына жариялаған. Оған сабақ берген мұғалімдер Шерхан туралы жылы естелік жазған.
Шерхан әрқашан белсенді әрі мақсат қойғыш болатын. Тіпті сабақта да спорттағыдай байыпты көзқарас танытатын. Оның арманы мен мақсаты әрқашан биік болатын – ауқымды ойлаудан қорықпай, алдына батыл міндеттер қоятын. Оның қалыптасуына ең көп үлес қосқан – атасы. Ол Шерханға спортта ғана емес, өмірде де нағыз ұстаз әрі дос бола білді. Бұл Шерханға үлкен жетістіктерге жетуге және Қазақстанды әлемдік футбол ареналарында танытуға көмектесетініне сенеміз, – дейді класс жетекшісі Тазагүл Сәдуақасова.
Биікті бағындырған балапан
Шерхан сегіз жасында Balapan телеарнасының «Шытырман» жобасына қатысқан. Бұл бағдарламаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 8–12 жас аралығындағы оқушылар жиналып, спорт жарыстарындаа бақ сынасатын.
Бір айта кетері, Шерхан аспалы көпірден құлап бара жатып, көпірге қайта жабысып алады. Беріле салмай, тырмысып, ақыры көпірге қайта мінеді. Шерханның қайтпайтын қайсарлығы бала күнінен бар екен.
Естеріңізге салайық, кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов ойындағы шеберлігі үшін қақпашы Шерхан Қалмырзаға көлік сыйлаған еді.
Шерхан Қалмырза 30 қыркүйекте Орталық стадионында өткен матчта жеті сейв жасады. Бұл ойында «Қайрат» командасы «Реал Мадридтен» 0:5 есебімен жеңіліп қалған еді.

