Не болды?
Shoqansuits компаниясының директоры, кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаға автокөлік сыйлады.
Мәлімет
Кәсіпкер қақпашы Шерхан Қалмырзаны «сыйлық беремін» деп шақырып, оған Exeed көлігінің кілтін табыстады.
Біздің компаниямыздың саған кішігірім сыйлығы. Сен жарадың. Бізге тамаша эмоция сыйладың. Бастысы, тоқтама, – деді Ұлықбек Шәріпов.
Шерхан эмоциясын жасыра алмай, кәсіпкерге алғыс айтты.
Естеріңізге салайық, Шерхан Қалмырза 30 қыркүйекте Орталық стадионында өткен матчта жеті сейв жасады. Бұл ойында «Қайрат» командасы «Реал Мадридтен» 0:5 есебімен жеңіліп қалған еді.

