Месси үйлену тойы өтетін күнді белгіледі

Әлем таныған әйгілі футболшы Лионель Месси үйлену тойын жасайтын уақытты белгіледі.

«Барселона» клубының көшбасшысы 30 маусым күні үйлену тойын жасамақ. Футболшы азаматтық некедегі сыңары Антонелла Рокуццоға үйленеді. Үйлену тойы туған қалалары Росариода өтеді деп күтілуде. Атаулы мерекелеріне 700-ге жуық қонақ шақыруды жоспарлап отыр екен.

Айта кетейік, 8 жылдан бері отасып келе жатқан Месси мен Антонелла бүгінде екі ұл тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда Тьяго – 5 жаста, Матео – 2 жаста.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version