Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қызылағаш су қоймасына тасқыннан қорғайтын жаңа торап салынды

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Биыл су ресурстары және ирригация министрлігі Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының реконструкциясын аяқтады.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Нақтырақ айтқанда, су тасқыны үшін пайдаланылатын су жіберуге арналған канал нығайтылып, су қабылдайтын жаңа торап салынды.

Сонымен қатар заманауи бақылау датчиктері орнатылып, автоматтандырылған мониториң жүйесі мен жергілікті хабарландыру жүйесі енгізілді. Министрлік мәліметінше, сыйымдылығы 42,6 миллион текше метр болатын су қоймасының реконструкциясы 6 680 гектар егістік алқабын сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы еліміздің су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту міндетін қойған болатын. 2023 жылы жүргізілген гидротехникалық нысандарды түгендеу нәтижесінде су саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Ол 160-тан астам іс-шараны қамтиды. Соның ішінде 42 жаңа су қоймасын салу және 37 жұмыс істеп тұрған нысанды реконструкциялау жұмыстары бар. Қызылағаш су қоймасын реконструкциялау жергілікті тұрғындарды су тасқынынан қорғап, Жетісу облысының ауыл шаруашылығын дамытуға серпін береді, – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Exit mobile version