Қазақстан драмасы қырғыз көрермендеріне бірінші рет ұсынылмақ. Оның алдында картинаны Якутия тұрғындары мен Санкт-Петербург пен Омск секілді ресей қалалары тамашалап, бағасын берген еді.
«Районы» фильмінің құрамында жас актерлар Эльтерес Нұржанов, Мәриям Сатаева, Жеңіс Омаров, Санұржан Сүлейменовтер бар.
Қазақстандағы сексенінші жылдардағы оқиғаны баяндайтын фильмді Ақан Сатаев 2016 жылы Алматыда жаз мезгілінде түсірген. «Районы» фильмі алғаш рет отандық көрермен назарына өткен жылдың 3-қарашасында ұсынылған болатын.
Картина өндірісімен «AstanaFilmFund» кинокомпаниясы айналысты. Авторлардың айтуынша, фильм бюджеті 130 миллион теңгеден асқан, ал ортақ жинағы 200 миллион теңгені құраған.