Global Finance редакторлары жеңіпаздарды қаржылық көрсеткіштеріне қарай таңдады. Олардың активтері мен табыстарының өсімі, сондай-ақ жаңа өнімдерді жасау мен тұтынушыға арналған қызметтері бағаланды. Сонымен қатар, тәуелсіз сарапшылар мен корпоративті қаржы мамандарының да пікірлері ескерілді.
Одан бөлек, басылым өз оқырмандары арасында сауалнама жүргізді. Күрделі қаржы талаптарында жақсы нәтиже көрсеткен банктер жеңімпаз атанды.
«Қазақстанның Халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова: «Бұл марапат — біздің жұмысымыздың нәтижесі. Сонымен қатар, қаржылық позициямыздың мықтылығы мен дұрыс таңдалған даму стратегиясын көрсетеді. Global Finance-тың шешімі Қазақстан Халық банкінің ары қарай дамуына қосымша стимул»,-дейді.