Басты бетЖаңалықтарАлматыда заңсыз салынған монша кешені бызылып жатыр

Алматыда заңсыз салынған монша кешені бызылып жатыр

Алматыдағы Кіші Абай көшесі, 190 мекенжайда орналасқан нысан бұзылатын болды. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлап отыр.

Жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында меншік иесінің (жеке тұлға) еш рұқсат құжаттарынсыз, нысанды заңсыз салғаны нықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды және бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді, — делінген хабарламада.

Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2024 жылғы 22 қарашада нысанды бұзу жөнінде шешім шығарған еді. Кейін ұзаққа созылған сот талқылаулары болды.

Алматы қалалық сотының 2025 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы нысанды бұзу жөніндегі шешім өзгеріссіз қалды.

Нысан бүгін сот орындаушыларының қатысуымен бұзылып жатыр.