Басты бетЖаңалықтарЕңбек министрі: Қазақстан азаматтарының шетелде жұмыс істеуі қалыпты

Еңбек министрі: Қазақстан азаматтарының шетелде жұмыс істеуі қалыпты

Не болды?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстан азаматтарының шетелге демалысқа не жұмысқа баратынын қалыпты жағдай деп айтты.

Мәлімет

Қазақстан азаматтары шетелге маусымдық жұмыстарға баратыны уайымдайтын мәселе емес деді министр мәжілістегі брифингте.

Шетелде жұмыс істеуді дұрыс қабылдау керек. Өйткені елге жаңа мүмкіндіктер келеді. Азамат барады, көреді, үйренеді, ал қайтып келген соң Қазақстанға жаңа технологияларды тікелей енгізеді. Миграциялық процестер бірдей жүретін біздің еліміздің басқа елдерден еш айырмасы жоқ, – деді министр.

Сонымен қатар, Светлана Жақыпова шетелде заңсыз жұмыс істеп жүрген азаматттарға алаңдайтынын айтты. Елге оралып, заңды жұмыс істеуге шақырды.