Басты бетЖаңалықтарДепутат "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчын Астанада өткізуді ұсынды

Депутат «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын Астанада өткізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек алдағы «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын «Астана Аренада» өткізуді ұсынды.

Оның айтуынша, қыркүйек айының соңындағы Алматының салқын ауа райы мен стадион жағдайына байланысты шетел жанкүйерлері наразылық білдіруі мүмкін.

Жанкүйерлер мен Уэльс футбол федерациясы Қазақстандағы футбол стадиондарының жағдайына шағымданды. Сондықтан Қазақстанның абыройы үшін негізгі аренаға көшіруге мүмкіндік бар. Аутсайдерлермен болатын басқа ойындарды «Қайраттың» өз алаңында өткізген дұрыс, – деді депутат.

Еске салайық, «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуі 30 қыркүйекте Алматыда өтеді деп жоспарланған. Матч билеттері 20 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.