Басты бетЖаңалықтарЕр адам Алматылық тұрғыннан 13 млн теңге ұрлаған

Ер адам Алматылық тұрғыннан 13 млн теңге ұрлаған

Не болды?

Белгісіз ер адам Алматы тұрғынынан 13 млн теңге көлемінде ақшасын ашық түрде тартып алған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қылмыс Төле би даңғылында ақша айырбастау пунктінің қасында болған. Күдікті ұсталды. Ол – Алматының 39 жастағы тұрғыны.

Полиция қызметкерлерді күдіктіні тінтігенде оның тұрғылықты жерінен қылмыс жасалған сәтте бейнежазбада түсірілген киімге ұқсас киім, ақша  және өзге де заттар тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп, оның осы сияқты іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, — дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пышан.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда ақша толы сейфті ерекше әдіспен ұрлап кеткен күдікті ұсталған еді.