Басты бетЖаңалықтар"Келешек мектептері". Атырау облысында салынып жатқан мектептің шатыры құлап кетті

«Келешек мектептері». Атырау облысында салынып жатқан мектептің шатыры құлап кетті

Не болды?

Атырау облысындағы Құлсары ауданында салынып жатқан мектеп шатырының бір бөлігі қирап қалған. Бұл туралы жергілікті «Ақжайық» басылымы жазып отыр.

Мәлімет

Мектеп 1200 орынға арналған. «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ мектеп «Келешек мектептері» жобасы аясында салынып жатқанын хабарлап отыр.

Спорт залдың шатырына алты тоннадан асатын шатыр материалдары қойылған, бұл құрылысты зақымдаған. Тапсырыс беруші басшылық, техника және авторлық тұсын қадағалайтын мамандарды қосып, комиссия құрды. Мердігер бұзылған жердің бәрін қалпына келтіреді, — делінген «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ хабарламасында.

Мектепті Turan Ascent ЖШС салып жатыр, 2025 жыл соңына дейін тапсыруға тиіс.

Анықтама

2023–2025 жылдарға арналған ұлттық пилот жобасы аясында 12 мектеп салынады деп жоспарланған. Бастаманы «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ жүзеге асырып отыр.