Басты бет Жаңалықтар Алматыда самокаттарды жалға беру тоқтатылуы мүмкін

Алматыда самокаттарды жалға беру тоқтатылуы мүмкін

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мәслихаттың кеңейтілген отырысында қалалық депутат Бейбіт Құсайынов электросамокаттар, мопедтер мен электробайктарға қатысты мәселені көтерді.

Ол қауіпсіздік талаптары орындалғанға дейін самокаттарды уақытша шектеуді қолдайтынын жеткізді.

Арнайы тұрақтар орнатылмайынша, қауіпсіз веложолақтар жасалмайынша және жалға беру мен жүргізу ережелері қабылданбайынша, электросамокаттарды уақытша тоқтату қажет. Тек осылай біз қаланы баршаға ыңғайлы әрі қауіпсіз ете аламыз, – деді Бейбіт Құсайынов.

Оның айтуынша, самокаттардың жылдамдығы реттелмейді, ал пайдаланушылар көліктерді тротуарларда және жол бойында бей-берекет қалдырып кетеді. Бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, қауіп төндіреді.

Еске салайық, 3 қыркүйек күні Алматыда самокат мінген ер адам жаяу жүргіншіге шабуыл жасап, көзіне үшкір зат сұғып алған.

Exit mobile version