Алматыда 3 қыркүйек күні самокат мінген ер адам жаяу жүргіншіге шабуыл жасап, көзіне үшкір зат сұғып алғаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
Бұл туралы қалалық ПД хабарлап отыр.
Күдіктінің арада бірнеше күн өткеннен кейін ұсталғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау және кінәлі адамды жауапқа тарту мақсатында бірқатар тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Бүгінге дейін жәбірленушінің көзіне бірнеше рет ота жасалғаны, сол сияқты оның өз қаражатына емделіп жатқаны белгілі болды.