Басты бетPushАстанадағы түнгі клубта 19 жастағы жігітті пышақтап кетті

Астанадағы түнгі клубта 19 жастағы жігітті пышақтап кетті

Астанада 19 жастағы жігітті пышақтап өлтіріп кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.

Елорданың түнгі клубында ер адамдар жанжалдасып, бірі пышақ жарақатын алды.

Түнгі клубқа келгендер жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқаны анықталды. Оқиға барысында 19 жастағы жігіт алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды.