Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев ақордада ауыс-түйіс жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев ақордада ауыс-түйіс жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев ақордада ауыс-түйіс жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Қуанышбек Есекеев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Әшім Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президент протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.