Басты бетЖаңалықтарЕлімізде валюта бағамы көрсетілген табло ілуге тыйым салынды

Елімізде валюта бағамы көрсетілген табло ілуге тыйым салынды

Не болды?

Қазақстанда көшеде валюта бағамы көрсетілген табло ілуге ресми түрде тыйым салынды. Бұл туралы Ұлттық банктің бүгіннен, 9 қыркүйектен бастап күшіне енген қаулысында жазылған.

Мәлімет

9 қыркүйектен бастап қолма-қол шетел валютасын айырбастау операциясын жүргізу қағидасына түзетулер енгізу туралы Ұлттық банктің қаулысы күшіне енді.

Не өзгерді?

  • валюта сатып алу және сату бағамдары көрсетілетін ақпараттық стенд айырбастау пунктінің ішінде немесе кассаның жанында орналастырылуға тиіс;
  • таблоны сыртқа (ғимараттың қасбетіне, шатыға, көше стендтіне) ілуге тыйым салынады — тек бизнес-орталықта, вокзалда, казинода, әуежайда немесе шекаралық бекетте орналасқан айырбастау пунктіне ғана рұқсат етіледі;
  • автоматты айырбастау пунктінде бағамды мониторда көрсетуге болады.