Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмонды Тәжікстанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Елдеріміз ғасырлардан тамыр тартатын дәстүрлі достық пен өзара қолдауға, халықтарымыздың түпкі мүддесіне арқа сүйеп, шын мәнінде, стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде қарым-қатынас құра алды. Бірлесіп екіжақты, сонымен бірге аймақтық, халықаралық ынтымақтастық деңгейінде қазақ-тәжік ықпалдастығының әлеуетін таныта беретінімізге сенімім мол, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.