Басты бет Жаңалықтар Көкшетау тұрғынын 6 миллион теңгеге алдаған адам ұсталды

Көкшетау тұрғынын 6 миллион теңгеге алдаған адам ұсталды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Ер адам өзінің барлық жинаған ақшасын жұмысқа орналасуға көмектесемін деп уәде еткен әйелге беріп жіберді. Бұл туралы ІІМ хабарлап отыр.

Ақмола облысында полиция жұмысқа орналастырамын деген желеумен алдап кеткен алаяққа қатысты істі тергеп жатыр. Полицейлердің мәліметінше, 2 қыркүйекте полицияға Көкшетау қаласының тұрғыны хабарласқан. Ер адамның айтуынша, танысы жұмысқа орналастырамын деген желеумен сәуір-тамыз айлары аралығында 6 миллион теңге ақшасын иемденіп алған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны анықталып, алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, — делінген хабарламада.

Exit mobile version