Басты бет Жаңалықтар 1 миллиард теңге шығын: тұрғындарды алдаған 2 алаяққа үкім шықты

1 миллиард теңге шығын: тұрғындарды алдаған 2 алаяққа үкім шықты

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Астанада бірнеше жыл бойы мемлекеттік бағдарлама атын жамылып, азаматтарды алдаған екі алаяққа қатысты сот үкімі шықты.

Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Прокуратураның мәліметінше, олар жалға алынған кеңседе жұмыс істеп тұрған ЖШС деректемелерін пайдаланып, тұрғындарға Астана мен Алматыда жоғары санатты пәтер береміз, сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама арқылы жеңілдетілген несие рәсімдейміз деп уәде еткен. Жалған келісімшарттар арқылы 150 адамға 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірілді.

Сот үкімімен:

  • әрқайсысы алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды;
  • бес жылға материалдық жауапты және басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды;
  • жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу міндеттелді.

Жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушылардың кәмелет жасқа толмаған балаларының болуы және шығынды жартылай өтеуі ескерілді.

Exit mobile version