Не болды?
Ұлыбритания елшілігі Оксфордтағы Бодлиан кітапханасының MS. Arab. c. 90 қолжазбасындағы 44 А бетіндегі Орталық Азия картасының репродукциясын табыстады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап отыр.
Мәлімет
Артефакт Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының қорын толықтырды. Бұл — XII–XIII ғасырларда Мысырда жасалған аноним «Китаб гараиб әл-фунун уа мулях әл-уюн» («Ғылымдар ғажайыптары мен көздің қуанышы кітабы») еңбегінің бір бөлігі.
Бұл карта Қазақстан үшін аса маңызды: онда оғыз мемлекетінің VIII–XI ғасырлардағы астанасы Жанкент бейнеленген. Араб деректерінде ол «Әл-қария әл-хадиса» («Жаңа қала») деп көрсетілген. Картада қазіргі Қазақстанның оңтүстігіндегі негізгі қалалар белгіленген, – делінген хабарламада.
Қолжазба 2002 жылы цифрланған. Қолжазба содан кейін ислам географиясы мен Ортағасырлық кітап мәдениетін зерттеудегі ең маңызды дереккөздің біріне айналды.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылатыны хабарланған.