Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев тағы 2 АЭС құрылысын жоспарлауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев тағы 2 АЭС құрылысын жоспарлауды тапсырды

Мемлекет басшысы тағы екі АЭС-ның жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты.

Бір ай бұрын Алматы облысында алғашқы атом электр станциясының негізі қаланған болатын. Бірақ ол экономиканың тұрақты өсуіне жеткіліксіз. Бізге қазірден бастап екінші, тіпті үшінші атом электр станцияларының құрылысын жоспарлауға кірісу керек, — деді президент халыққа арналған жолдауында.

Осы орайда президент Қытайға жасаған сапары кезінде екі елдің атом саласын стратегиялық әріптестік туралы келісім жасалған да ерекше айтты.