Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

Не болды?

Әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Түркістан облысы полициясы ер адамды қамауға алды

Мәлімет

Оқиға Шардара қаласында болған. Әкесі қайтыс болған. Көршісі ер адамның әкесін аяусыз ұрып-соққан бейнежазбасын көршісі жасырын түсіріп алып, желіге енді ғана жариялап отыр

Желі қолданушылары әкесін азаптағаны үшін күдікке ілінген Алмас Садақбаев өңірде белгілі асаба екенін жазып жатыр. Қазір күдікті уақытша қамауға алынды.

Бұл факт бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда дүкендегі сатушыны ұрған тұрғын сотталған еді.