Басты бетЖаңалықтарАлатау қаласы ерекше мәртебеге ие болады

Алатау қаласы ерекше мәртебеге ие болады

Қасым-Жомарт Тоқаев 10 күн ішінде Алатау қаласына ерекше мәртебе беретін қаулының жобасын әзірлеуді тапсырды.

10 күн ішінде қалаға ерекше мәртебе беру туралы қаулының жобасын әзірлеу керек. Қала тікелей үкіметке бағынады. Содан кейін, жарты жыл ішінде заң әзірлеп, қаланы басқару режимін, қаржы моделін айқындау керек, — деді президент жолдауда.

Бұл ретте президент қалаға ерекше мәртебе беру оның өзгеден артық көру емес, қажет шара екенін атап өтті.

Алатау-сити – өңірдің бірінші толыққанды цифрлы қаласына айналу керек. Қалада смарт-басқарудан бастап, қызмет пен тауарларды криптовалютамен төлейтіндей жағдай жасалу керек, — деді президент.