Басты бетЖаңалықтарПрезиденттің Қазақстан халқына жолдауын қайдан көруге болады?

Президенттің Қазақстан халқына жолдауын қайдан көруге болады?

Бүгін сағат 11:00-де парламент палаталарының бірлескен отырысында президент Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.

Президенттің жолдауын сағат 11:00–ден бастап республикалық телеарналардан, сонымен қатар Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, Конституцияның 30 жылдығына арналған жиында президент биылғы жолдауының мазмұнын жариялаған болатын.

Бәріңізге мәлім, мен 8 қыркүйекте халыққа жолдауымды жариялаймын. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы маңызды мақсат-міндеттерді айқындаймын, — деді президент.