Басты бетЖаңалықтарҰлытау облысында марихуана сатпақ болған 2 адам сотталды

Ұлытау облысында марихуана сатпақ болған 2 адам сотталды

Ұлытау облысында 16 кг есірткі затын заңсыз сақтап, тасымалдаған екі адам сотталды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлап отыр.

Жезқазған және Алматы қалаларының тұрғындары Ұлытау облысы аумағында адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, аса ірі мөлшерде кептірілген марихуана есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтап, тасымалдаған.

Екі адамға қатысты ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлытау облысы бойынша департаменті қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен тергеу жүргізіп, нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданды, — делінген хабарламада.

Жезқазған қалалық сотының үкімімен сотталушылар сегіз және тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.