Басты бетЖаңалықтарБейбітшілік жолындағв қозғалыс: Тоқаевтың идеясы Діндер көшбасшылары съезінің тақырыбына айналмақ

Бейбітшілік жолындағв қозғалыс: Тоқаевтың идеясы Діндер көшбасшылары съезінің тақырыбына айналмақ

Парламент Сенатының Төрағасы, Съезд Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі қарсаңында Qogam News жобасына сұхбатберді. Онда Палата Спикері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бейбітшілік жолындағы жаңа қозғалыс» қалыптастыру жөніндегі бастамасы алдағы форумда негізгі тақырыптардың бірі болатынын атап өтті.

Сенат Төрағасының айтуынша, бұл идея әлемдеқақтығыстарды тоқтату және жер жүзінің әраймағындағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету жолында күш біріктірудің маңызды екенін көрсетеді. Хаос пен тұрақсыздық қалыпты жағдайға айналған қазіргі кезеңде рухани көшбасшылар ғана әлемде ізгілікті ілгерілету және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу ісіндемаңызды рөл атқара алады.

«Бұл халықаралық қауымдастық үшін дер кезінде қолға алынған аса маңызды форум болады. Қазіргі әлемге өзгеріс енгізу үшін іс жүзінде қандай да бір қадамдар қажет. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы көкейкесті мәселені көтерді және біз «Бейбітшілік жолындағы жаңа қозғалыс»идеясы VIII Съезд аясында негізгі тақырыптардың бірі болады деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

https://www.youtube.com/watch?v=cUkhfepTogA